Лондонда 11 жастағы Кәусар Ғалымжанқызы қазақ тілін үйретіп жүр

ВНЖ и ПМЖ в Казахстане с 100% гарантией – начните новую жизнь уже сегодня!

11 жастағы Кәусар Ғалымжанқызы Лондонда қыздарға арналған Элизабет Гаррет Андерсен орта мектебінің 7-сыныбында оқиды. Қазіргі таңда ол Лондонда шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр. Massaget.kz тілшісі Тұманды Альбион еліндегі Кәусармен және оның әкесі Ғалымжан Қараманұлымен хабарласып, сұхбаттасты.

11 жастағы Кәусар Ғалымжанқызы Лондонда қыздарға арналған Элизабет Гаррет Андерсен орта мектебінің 7-сыныбында оқиды. Қазіргі таңда ол Лондонда шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр. Massaget.kz тілшісі Тұманды Альбион еліндегі Кәусармен және оның әкесі Ғалымжан Қараманұлымен хабарласып, сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“Төрт тіл білемін”

Кәусар Қараман “Balapan” телеарнасы арқылы балаларға ағылшын тілін үйретеді. Ол Лондонға алғаш көшіп барғанда небәрі үш жаста болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кәусар Ғалымжанқызы Қараман (@misskaussar)

“Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің тумасымын. Ата-анам қазақстандық “24.kz”, Qazaqstan телеарналарының Ұлыбританиядағы тілшілері болып жұмыс істейді. Қазақ тілін үйретудегі негізгі мақсатым – шетелдіктердің елімізге деген сүйіспеншілігін ояту”, – деді ол.

Ол қазақ тілімен қатар, ағылшын, француз және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.

“Үйде тек ана тілінде сөйлесеміз. Өйткені Лондонда тілдік орта жоқ. Барлығы ағылшын тілінде. Үш жасымнан бастап ағылшын тілін үйрендім. Бастапқыда балабақшаға барып, жаңа ортаны жатырқағаным рас. Жүзе алмайтын адамды суға лақтырып жібергендей болды. Бірақ ата-анам тілді меңгеріп, әлеуметтенгенімді қалады. Әлі есімде, анамнан “су ағылшынша қалай болады?” деп сұрағаным бар. Жаттап алу үшін балабақшаға дейін “water, water” деп бірнеше рет қайталап бардым. Ал мектепте француз тілін қосымша тіл ретінде үйрендім. Ал орыс тілін Қазақстанға барған кезде меңгеріп алдым”, – деді ол.

“Димаштың жанкүйерлері ұсынды”

ВНЖ и ПМЖ в Казахстане с гарантией результата – быстро и удобно!

Оның айтуынша, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, қазақ тілін үйренгісі келетіндерін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кәусар Ғалымжанқызы Қараман (@misskaussar)

“Мені өте мазмұнды кешке шақырды. Сол кезде алғаш кішкентай мұғалім болып, ана тілімізді үйреттім. Фан-клуб мүшелері Димаштың әндерін қазақша орындады. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Dears-тар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 миллион теңге аударды. Бұл ақшаға Балалар ауылының тәрбиеленушілері музыкалық аспаптар сатып алады”, – деді Кәусар.

Бұдан кейін Исландия, Катар, Пәкістан, Малайзия және басқа да мемлекет өкілдері ұлы Абай тілін үйренгісі келетінін айтып, ұсыныс түскен.

“Елшілікке жиналған нәзікжанды қауымға яғни, Лондондағы шетелдік дипломаттардың әйелдеріне де сабақ бердім. Сөздік қоры 2,5 миллион сөзден тұратын қазақ тілін бір мезетте меңгеру мүмкін емес екендігін олар мойындайды. Бастысы талаптанып, алғашқы қадамдар жасап үлгерді. Сабақтар күрделі емес. Тілді тереңдетіп оқыту мақсат емес. Бастысы – шетелдіктерге елімізді, жерімізді таныту, сол арқылы сүйіспеншілігін ояту”, – дейді ол.

“Тіл үйрету сабақтары тегін”

Тереңдетіп оқыту курстарымен “Отандастар” қоры айналысып жүр. Ұлыбританияда өмір сүріп жатқан қазақтармен қатар шетелдіктерге де сабақ береді. Ал 11 жастағы оқушы Кәусарға ол қосымша жұмыс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кәусар Ғалымжанқызы Қараман (@misskaussar)

“Тіл үйрету сабақтары тегін. Тереңдетілген формада өтпейді. Яғни, тек алғаш танысқан кезде айтылатын сөздер, өмірде аса қажет сөз тіркестері үйретіледі. Ең басты мақсатымыз “soft power – жұмсақ күш” қағидасын пайдаланып, шетелдіктердің елімізге деген сүйіспеншілігін ояту, бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді таныту, Қазақстанның туристік әлеуетін паш ету”, – деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Стоимость получения вида на жительство (ВНЖ) в Казахстане может варьироваться в зависимости от различных факторов, таких как основание для получения ВНЖ, тип документа и регион, где подается заявление.

Примерный расчет общей стоимости ВНЖ:

  • Государственная пошлина: 3 630 тенге
  • Медицинские справки: 10 000 тенге (в среднем)
  • Услуги юриста: 50 000 тенге (в среднем)
  • Переводы и нотариальные услуги: 5 000 тенге (в среднем)

Итого: Около 68 630 тенге (это ориентировочная сумма, фактическая стоимость может варьироваться).

  Курсы казахского языка откроют в Оксфорде

Комментарии

Добавить комментарий