“Ұшақ сатып алудан басқа амал қалмады”. Алматы облысының тұрғындары жанайқайын жеткізді

ВНЖ и ПМЖ в Казахстане с 100% гарантией – начните новую жизнь уже сегодня!

Алдағы уақытта Алматы облысы Райымбек ауылының тұрғындарына үйлеріне ұшақпен кіруге тура келуі мүмкін. Себебі бас-аяғы 30 үй салынған көшенің бір басы бітеу, ал екінші басындағы жер жекенің қолына сатылып кеткен. Енді қыңыр жердің иесі “жерді сатып алыңдар, болмаса қойма саламын” деп шіреніп отыр. Жергілікті басқарушы орындар болса мәселеден мүлдем бейхабар. Жанайқайын айтқан жұрттың мәселесін Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Алдағы уақытта Алматы облысы Райымбек ауылының тұрғындарына үйлеріне ұшақпен кіруге тура келуі мүмкін. Себебі бас-аяғы 30 үй салынған көшенің бір басы бітеу, ал екінші басындағы жер жекенің қолына сатылып кеткен. Енді қыңыр жердің иесі “жерді сатып алыңдар, болмаса қойма саламын” деп шіреніп отыр. Жергілікті басқарушы орындар болса мәселеден мүлдем бейхабар. Жанайқайын айтқан жұрттың мәселесін Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Болашақтың болашағы бұлыңғыр бүгінде. Өйткені қалаға қатынайтын жалғыз аяқ жол жабылса қарашаның қарашаңырағынан қалаға қатынауы қиындайды.

“Бұл жол болмаса бітті. Бұл жолды жауып тастар болса біз ешқайда шыға алмаймыз. Не көшенің арғы басындағы жол жоқ. Онда біз білмейміз қайдан шығатынымызды. Автобусқа баратын, дүкенге баратын, мектепке апаратын жалғыз жол жабылса не істейміз? Онда біз аспанда ұшатын ұшақ алуымыз керек шығар? Ұшақ сатып алудан басқа амал жоқ”, – дейді ауыл тұрғыны Шолпан Елшібекова.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Көшенің басындағы 35 соттық жерді тұрғындар бұған дейін де сатып алмақ болған. Білгендер даулы жердің бұрынғы иесі депутат екенін айтады. Өйткені әкімдікке арызын айтып талай барғанымен жауаптылардың жер иесіне тісі батпапты. Кейін әр телімін 700 мың теңгеден жаңа иесі сатып алған. “Жолдың мәселесін шешеміз” деген сол кезде. Бірақ “аңқау елге арамза молдалығын” қылса керек, күні кеше тұрғындарға “5 соттық жерді 18 миллионға сатып алыңдар” депті.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов. Ауыл тұрғыны Сұлтанбек Шегебаев.

ВНЖ и ПМЖ в Казахстане с гарантией результата – быстро и удобно!

“Кәсіпкермен жақында ғана екі апта бұрын кездестік. Кезінде 700 мыңнан алған жерді бізге 3 миллион 600 мың теңгеге сатып алыңдар, болмаса қойма саламын дейді. Қойма салса сала берсін, шаруамыз жоқ. Бірақ неге бізге бес есе қымбат бағамен сатпақшы. Ол неге халықты бұлай қинайды? Сонда біз жолсыз, көшесіз қалуымыз керек пе? Бала шағамыз не істейді? 2022 жылдан бері арыз жазып, жерді бірігіп сатып алмақшы болғанбыз. Бірақ сол кезде әкімдік мәселемізді шешпей қойды”, – дейді ауыл тұрғыны Сұлтанбек Шегебаев.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов.

Базынасын айтқан бұқараның тағы бір мәселесі мынау. 2009 жылдан бері жер алып үй салғанымен, қараша баспанасын заңдастыра алмай әлек. Қолдарында тілдей құжаттары жоқ. Жерлері әу баста жасыл аймақта тұрғанымен кейін Үлкен алматы айналма жолы салынып қызыл аймаққа кіріпті. Бірақ халық санатында бар, салық төлейді. Әкімдер сайлауында бір кісідей дауыс беруге шақырады оларды.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов.

“Ауылдың жасыл аумағына өтпегенбіз. Жасыл аумақтар үй соғуға болады. Қызыл аумақтар үй соғуға болмайды. Ал енді біздің аумағымыз не жасылға жатпайды, не қызылға жатпайды. Біз ауада тұрмыз. Мемлекеттік акт берілген кезде жасыл аумақта болдық. Сондай-ақ карта бойынша жол болған. Ал кейін жолдың орыны комерциялық нысанға айналып кеткен. Біз бұл мәселемен 2014 жылдан бері жүгіріп жүрміз”, – дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Бөрібаев.

Massaget.kz / Жақсылық Зинешов.

Ал 10 жылдан бері қордаланған мәселеден ауыл әкімі мүлдем бейхабар. “Қызметке енді келдім, маған бұқара базынасын айтпады” деп ат тонын ала қашты. Дегенмен жердің иесімен кездесемін, жағдайды реттеймін деді.

“Жердің иесін шақыртып қалай өтті соны біз анықтауымыз керек. Жаңа да айтып кеттім, менің бұл қызметке келгеніме 3-4 ай ғана болды. Бірақ осы уақытқа дейін тұрғындар осы сұрақ бойынша маған келмеген. Қазір ғана сұрастырып біліп отырмын. Жердің иесімен кездесуіміз керек. Сосын оның жерді қалай алғанын анықтаймыз. Содан кейін осы мәселемен айналысатын боламыз. Енді халықты жолсыз қалдырып қоймаймыз ғой”, – деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Жандос Базарбаев.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Стоимость получения вида на жительство (ВНЖ) в Казахстане может варьироваться в зависимости от различных факторов, таких как основание для получения ВНЖ, тип документа и регион, где подается заявление.

Примерный расчет общей стоимости ВНЖ:

  • Государственная пошлина: 3 630 тенге
  • Медицинские справки: 10 000 тенге (в среднем)
  • Услуги юриста: 50 000 тенге (в среднем)
  • Переводы и нотариальные услуги: 5 000 тенге (в среднем)

Итого: Около 68 630 тенге (это ориентировочная сумма, фактическая стоимость может варьироваться).

  Морозы до 8 градусов вернутся в Казахстан

Комментарии

Добавить комментарий